Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Нұркина, А.Құрманова, С.Бычкова, С.Симонов, А.Базарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды.
Сапар аясында депутаттар Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша облыс тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Әуелі Парламент Мәжілісінің депутаттары «Агромашхолдинг» АҚ-тың жұмысымен танысып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Өз сөзінде Айгүл Нұркина Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда, депутат ұжым назарын биылғы Жолдауда қозғалған еңбек нарығын жаңғырту және бизнес-ортаны кеңейту мәселелеріне аударды.
Айгүл Қабдешқызы кездесу барысында «Жол картасы» және жұмыспен қамту орталықтарының реформалаудан өтіп, оның базасында барлық елді мекендерде бар бос жұмыс орындары тіркелген бірыңғай онлайн платформасы ұйымдастырылатыны туралы әңгімеледі. Айта кету керек, әкімдіктер әзірлейтін осы «Жол карталары» бойынша қысқартылатын қызметкерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін табатын болады.
Сонымен қатар, депутат Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы және оны іске асыру жұмыстарына Үкімет жаңа жылдан бастап кіріскені туралы да атап өтті. «Осы бағдарлама аясында Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Сонымен қатар, бизнесті жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету бойынша да жұмыстар ұйымдастырылатын болады деп жоспарлануда. Бағдарламада басты назар отбасылық бизнестің дамуына ерекше көңіл аударылатын болады», – деп толықтырды депутат.
«СарыарқаАвтоПром» ұжымымен әңгімелесу барысында депутат Айзада Құрманова ерекше атап өткендей, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қостанай өңіріне тән агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау салаларына басты назар аударды. «Мемлекет басшысы электромобиль өндірісін экспорттық бағдардағы одан әрі дамыту бойынша нақты басымдық ретінде белгіледі, оны жүзеге асыру барысында шамамен 20 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда, Н.Назарбаев атап өткендей, екі жоба іске қосылды, оның біреуі – осы сіз жұмыс істеп жүрген JAC электр автомобильдерін құрастыру зауыты», – деді Айзада Амангелдіқызы.
Кездесу барысында Елбасының 25 қаңтардағы Үндеуінде атап өткен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ұсынылатын конституциялық реформалары туралы Светлана Бычкова әңгімеледі.
Депутаттар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен, студенттерімен және Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің ұжымымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Симонов пен А.Базарбаев «Нұр Отан» партиясының Қостанай қалалық филиалында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.
Айта кету керек, бір күн бұрын депутаттар биылғы Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша өңірлік Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелерімен және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының активімен кездескен болатын.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан»
Қостанай облысы

Ақтөбелік жастар Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 10:50
Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі
Қоғам • Бүгін, 10:42
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 10:35
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 10:23
Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Қоғам • Бүгін, 10:10
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
Қоғам • Бүгін, 10:03
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:51
Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:48
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Ауа райы • Бүгін, 09:34
Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:24
Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?
Денсаулық • Бүгін, 09:13
Көпбалалы отбасыларға қамқорлық
Қоғам • Бүгін, 09:05
Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық
Кәсіпкер • Бүгін, 09:00
Экономикалық аймақ іске кірісті
Экономика • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50