Халқымыз Тәуелсіздік таңына дейін талай қиын кезеңдерді бастан кешті. Мемлекетті қалыптастыру, ұлтты сақтау мәселелері төңірегінде де көптеген жұмыстар атқарылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тарихында тағдырлы кезеңдер қалыптастырып, ұлттың алдына маңызды міндеттер мен айқын мақсаттар қоя білді. Нәтижесінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік аренада өзінің тарихи орнын иеленді.
Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда айтылған маңызды міндеттер мен айқын бағыттар еліміздің одан әрі дамуына ерекше серпін берері анық. Маңызды құжатта Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналатынын да айтты. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында өндіріс салаларын басқару бағдарламалары айтарлықтай жүзеге асып келеді. Бұл да өз кезегінде еліміздің өндірістік саласын дамытуға ерекше әсер ететіні сөзсіз.
Тағы бір айта кетерлік маңызды жайт, Елбасы Қазақстанның өз инвестициялық стратегиясы болуға тиіс екенін де мәлімдеді. Бұл да келешекте еліміздің өндіріс, индустрия салаларын дамытуға ерекше серпін береді. Сондай-ақ, Елбасының назарынан ауыл шаруашылығы, әлеумет, білім беру, денсаулық сақтау салалары да тыс қалып көрген емес. Аталған салаларды одан әрі дамыту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырмалар берді.
Еліміз, әсіресе, адам өмірін және оның құқығын қорғауды ерекше басшылыққа алып келеді. Бұл орайда Елбасының қадамы құптарлық. Сондай-ақ, Жолдауда адами капитал сапасын жақсартуға да ерекше назар аударылған. Нұрсұлтан Әбішұлы адами капитал сапасының жақсаруы білімге тікелей байланысты екенін де айтып отыр. Әсіресе, қоғам үшін түйткілді мәселеге айналып келген қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігі туралы тапсырмасы да өзекті.
Елбасының әр Жолдауы – еліміз үшін де, жеріміз үшін де маңызды. Себебі, нақты міндеттер белгіленіп, мақсаттар айқындалады. Толайым табысқа қол жеткізу үшін де асқан ауызбіршілік пен тыныштық керек. Бұл тұрғыда еліміз әлемге бейбітсүйгіш қалпымен де үлгі көрсетіп келеді.
Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,
«Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері
Жамбыл облысы

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20