06 Ақпан, 2017

Даму бағытын нақтылаған құжат

208 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жол­дауын талқылау үшін аудан­дар мен қалалар әкімдері­нің орын­басар­лары, кәсіп­керлер, шаруашы­лық бас­шылары, үкімет­тік емес ұйымдар өкіл­­дері бас қос­қан кеңей­тіл­ген мәжі­лісте облыс әкімі Ар­хи­мед Мұхамбетов Ел­басы Жол­дауы еліміз дамуы­­ның бағы­тын айқын­дап және нақ­ты тапсырмалар бер­генін атап көрсетті. – Жас тәуелсіз мемле­кеті­­мізді нарықтық эконо­мика құруға бағыттаған Бірінші жаңғыру елімізде бірлік пен тұрақ­тылықтың негізін қалап берді. «Қазақ­стан-2030» бағ­дарлама­сы­ның алды­на жаңа міндет­тер қойған кезең­де әлем­дегі бәсекеге қабі­летті елу елдің қатарына қосыл­дық. Үшінші жаң­ғыру­­­мен бай­ланысты Жол­дау ел­дің осы кезге дейін бағындырған белес­терін нығайта отырып, бәсе­келестікке қабілет­тілік­ті қам­тамасыз ететін экономи­калық жаңа бағдарларды құруға негізделген, – деді Архимед Бегежанұлы. Тәуелсіз еліміздің ауыл шаруа­шылығын дамыту­ға тәжірибесімен, білікті­лігімен мол үлес қосқан Қазақ­­станның Еңбек Ері Сайран Бұқанов Жол­дау­да осы саланы серпін бере дамы­ту мәселесінің өте дұ­рыс қойылғанына тоқталды. – Елбасы Қазақстан Еура­зия­ның «нан кәрзең­кесі» болуы керектігін дұрыс көрсеткен. Осы тапсырма үдесінен шығуға толық мүмкіндік бар деп білемін. Өйткені, бір Қостанай об­лысының өзі жыл сайын 5 миллион тонна астық өндіреді. Қазір біздің алдымызда шикізат өндіруден өңдеу өнеркәсібін дамытуға қарай жылжу мәселесі тұр. Бұл бойынша облыста жақ­сы жұмыстар жүріп жатыр. Егіс алқаптарын әртарап­тандыру, сөйтіп Қостанайда болашақта жылына 300 мың тонна май өндіре алатын зауыт үшін майлы дақылдар алқабын көбейте беретін боламыз. Ол үшін мемле­кет тарапынан субсидия бөлініп, қажетті мүмкіндік жасалуы керек, – деді Сайран Бәлкенұлы. Елбасы Жолдауда «экс­­­­­порт­қа бағдарланған электро­мобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысық­тау­ды тапсырамын» деп міндет қояды. Ал өт­кен 2016 жылы Қостанай қала­сында 12 электромобиль сапқа қойыл­ды. – Қазақстанда ин­ф­ра­­құры­лымның әлі жет­­­кіліксіздігі­нен элек­­тро­­­мобиль­дерге сұра­ныс іркіліп тұр. Бірақ бұл мем­лекеттік дәрежеде шеші­мін таппақ. Соның ішін­де Алматы қаласы әкімдігі мен AllurGroup компаниясы ара­сындағы меморандум­ға сәйкес оңтүстік астанада электромобильдерге арнал­ған 40 токпен қуатталатын бекет ашылатын болады. Осын­дай мемлекеттік қол­дау­дың арқасында жа­қын жылдары бұл көлік қазақ­­стан­дықтар үшін нағыз өмір шындығына айналады, – деді AllurGroup компания­сының президенті Олег Цой. Кеңейтілген мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жол­дауда айтылған Елбасы тапсырмаларына жеке-жеке тоқтап, ол бойынша облыста жүргізілетін жұмыстарды терең талдап көрсетті. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ