06 Ақпан, 2017

Маңызды мәселелер талқыланған жүздесу

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ-ның Еуропа мен ТМД елдері бойынша Даму бағдарламасы Өңірлік бюросының директоры, БҰҰ-ның ЭКСПО-2017-дегі Комиссары Жихан Сұлтаноғлумен кездесті. Кездесу барысында БҰҰ Даму бағдарла­масының қызметі, БҰҰ жүйе­сі құрылымдарының ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесіне қатысуы мәселелері мен жақын­да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конститу­циялық реформалар жобасы талқыланды. Ж.Сұлтаноғлуның пікірінше, өкілеттіктерді қайта бөлуге ба­ғыт­талған трансформация­лар мен биліктің заң шыға­рушы тармағына қарай жауап­кершілікті арттыруы – елдің ұстаным­дарын халықаралық аренада қазіргіден де бетер нығайта түсуге мүмкін­дік беретін айтарлықтай салмақ­ты қадам. «Егемен-ақпарат»