Елбасының 25 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі жарияланған болатын. Осыған орай жұма күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Елбасы Үндеуі – Жаңа реформалар» тақырыбында жиын өтті.
Оған «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айгүл Дүйсенова, Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков және оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында интернет желісі арқылы Елбасының Үндеуі тыңдалды.
Жиынды кітапхана қызметкері Лаззат Бөлтекова жүргізді. Ол – Елбасы реформасының негізгі бағыттарына тоқталды, сонымен қатар, Конституцияға енгізілмек өзгерістер мен толықтырулар туралы сөз етті.
«Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айгүл Дүйсенова өз кезегінде жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды екенін, жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуына жаңа серпін әкелетінін қозғады.
Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков: «Тәуелсіздіктің негізін қалап, қазақ мемлекеттілігін нығайтқан Елбасы енді Қазақстанды Мәңгілік Елге айналдыруда. Бұл реформалар, Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа белесі болып саналады», – деді.
Елбасымыздың Үндеуін талқылау барысында кітапхана директоры Гүлжайнар Калдина ой-пікірін білдіре отырып, жас ұрпақ азат ойлы, терең білімді болуы керектігіне, Елбасының Үндеуі елге үлкен серпіліс беріп, еңбек етуге деген құлшынысты арттыратынына сенім білдірді.
Шара барысында «Елбасының Үндеуі – жаңа реформалар бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге «Еліне елеулі Елбасы», «Халыққа арнау», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», т.б. кітаптар мен Үндеу жарияланған «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ақтөбе» газеттері қойылды.
Ұржан КУДАСОВА,
С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары
АҚТӨБЕ

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20