06 Ақпан, 2017

Болашақтықтар да үн қосты

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 қаңтардағы «Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлісу» жайлы Үндеуіне орай облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте аймақтық конференция болып өтті. Конференцияға «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, студенттер мен Азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Талқылауға оның модераторы университет ректоры, «Болашақ» бағдар­ламасының түлегі Арын Өрсариев қатысып, жүргізіп отырды. Талқылау барысында конференцияға қа­ты­­сушылар Президент, Пар­­ламент және Үкімет ара­сындағы өкілеттіктерді қай­та бөлу реформалар бағ­дарламасы туралы өз ойларын білдірді. Сондай-ақ, спикерлер аталған реформаларды жүзеге асыру уақыты өте сәтті таңдалғанын атап өтті. Және реформаларды Қазақстанның халықаралық ортадағы демократиясының жаңа кезеңі деп айтуға бола­тының жеткізді. – Жаһандану мемлекеттер алдына белгілі бір міндеттер қояды, олармен қазіргі заманда барлық мем­лекеттер бетпе-бет келеді. Бүгінгі таңда біз бұл міндеттердің тек сыртқы сая­сатқа ғана емес, ішкі сая­сатқа да қатысты екенін және Елбасымыздың реформа жасау жөніндегі бас­тамашылығы дер кезінде қолға алынып отырғанын көреміз, – деді Арын Өрса­риев өз сөзінде. Жалпы айтқанда, қаты­сушылар бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады деген бірауызды тоқтамға келді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» ПАВЛОДАР