Құрлықтық хоккей лигасының «Шығыс» дивизионында өнер көрсетіп жүрген Астананың «Барысы» өз мұз айдынында Минскінің «Динамосын» қабылдап, ірі есеппен ұтты. Қазақстандық хоккейшілер соққан бес шайбаға қонақтар бір ғана голмен жауап бере алды.
Бұл ойында «Барыстың» екі ойыншысы мергендігімен көзге түсті. Команда капитаны Брэндон Боченски (18-ші және 39-шы минуттар) мен канадалық шабуылшымыз Кори Тривиноның (23 және 45) әрқайсысы екі голдан соғып, дубль жасады. Ал «Динамоның» қақпасына бесінші шайбаны астаналық 19 жасар шабуылшы Кирилл Панюков енгізді. Қонақтар тарапынан жалғыз голды Аарон Полушай салды. Сөйтіп, 28 қаңтар күні Минскіде (1:2) ұтылып қарымта қайтарды.
Кеше «Барыс» Риганың «Динамосын» қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. Голдың авторы – К.Даллмэн.
Осы жеңістерден кейін Астана командасы 87 ұпаймен «Шығыс» конференциясында бесінші орынға нық тұрақтады.
Келесі ойынын «Барыс» Астанада 14 ақпанда Новосібірдің «Сибирімен» өткізеді.

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше