Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Атаулы дата қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында "Алаш және ұлт қайраткерлері" және "Алаш және ұлт әдебиеті" кітаптарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметінің басшысы Жандар Асан.
Монографиялық еңбектерде Алаш зиялыларының шығармашылық мұраларын зерделеу және оны бүгінгі күнмен байланыстыра отырып жандандыру мәселелері қарастырылған.
Атап айтқанда, "Алаш және ұлт әдебиеті" оқу-әдістемелік құралында XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы мен даму үрдісіндегі өзіндік ерекшеліктері, сол кезеңдегі түрлі әдеби бағыттағы ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, ұлттық әдебиетіміздің сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттері жан-жақты сараланған. Сонымен қатар, пән бойынша арнайы білімді бақылауға арналған тесттік тапсырмалардың үлгілері ұсынылған. Оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орындарында "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша жүргізілетін "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті" пәні мен орта мектептердің жоғарғы сыныптарында жүргізілетін "Алаштану" курсын оқытуда қолдануға негізделген.
Кітап авторлары – ТарМПИ-дың Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынай Әбдіқадырова және ғылым магистрі Еділбек Әбдімомынов.
Ал "Алаш және ұлт қайраткерлері" монографиясында Алаш қайраткерлерінің ұлттық тіл мәдениетіне, ұлттық ойлау жүйесіне, этнопедагогика саласын қалыптастыруға, әдебиет пен мәдениет салаларына қосқан үлестері қамтылған.
"Ғылыми еңбекте ең басты құндылығымыз – Қазақстанның тәуелсіздігі, қоғамымыздағы ұлттарымыздың бірлігі және жоғары руханият, ұлттық тарих пен мәдениет, ұлттық тілдің құдыреттілігі жолында күрескен ұлт зиялыларының еңбектері зерделенген. Сондай-ақ, монографияда болашақ ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуде Алаштың арда азаматтарының еңбектері мен пайымды пікірлерінің түйіндері сараланып, оқырман қауымға ұсынылған", – дейді ғылыми еңбек авторы Тұрсынай Әбдіқадырова.
• 06 Ақпан, 2017
Таразда алаштануға арналған ғылыми еңбектер таныстырылды

Ақтөбелік жастар Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 10:50
Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі
Қоғам • Бүгін, 10:42
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 10:35
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 10:23
Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Қоғам • Бүгін, 10:10
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
Қоғам • Бүгін, 10:03
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:51
Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:48
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Ауа райы • Бүгін, 09:34
Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады
Қысқы спорт • Бүгін, 09:24
Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?
Денсаулық • Бүгін, 09:13
Көпбалалы отбасыларға қамқорлық
Қоғам • Бүгін, 09:05
Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық
Кәсіпкер • Бүгін, 09:00
Экономикалық аймақ іске кірісті
Экономика • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:50