Лондон әкімі Садық Ханның айтуынша, өткен жылы "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымынан келетін қауіп айтарлықтай ұлғайған, деп жазады Daily Star.
Садық Ханның айтуынша, полицияны қаржыландырудың қысқартылуы елдегі қауіпсіздікке кесірін тигізуде.
"Егер үкімет полицияны қаржыландыруға шамасы келмесе, онда қаржыландыру түрін өзгертеді. Лондон елдің астанасы ретінде қауіпсіздікке басымдылықты сақтайды", - деді Садық Хан.
Оның айтуынша, Париж, Берлин, Ыстамбұлдағы лаңкестіктен кейін Лондон терроршылардың ендігі көздеп отырған қаласы болуы мүмкін.
Сонымен қатар Садық Хан Трамп саясатының лаңкестікті одан сайын қоздырып жіберетінін айтты.