06 Ақпан, 2017

2016 жылы маңғыстаулық МКД ел бюджетіне 595 млрд теңге аударды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті ел бюджетіне 595 млрд теңге аударды, деп хабарлады аталған департаменттің баспасөз қызметі. Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, ел қазынасына түсіп жатқан салық пен төлемдер саны артуда.  2016 жылдың қорытындысы бойынша  бюджетке салық есебінде  595,3 млрд теңге түсті. Оның ішінде  Ұлттық қорға 268,4 млрд теңге,  республикалық бюджетке  201,1 млрд теңге, жергілікті бюджетке  125,8 млрд теңге  түсті. «Мемлекеттік бюджетке түсім  жоспары бойынша тапсырма  102,2 пайызға орындалды», - делінген хабарламада.