06 Ақпан, 2017

Жанармай бағасы қымбаттады

1052 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда ең үлкен сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атап айтқанда, жанармайдың аталған түрі “ҚазМұнайГаз” бекеттерінде 1 литрі үшін 137-ден 139 теңгеге дейін өссе, АИ-95 маркалы жанармай 150 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Sinooil жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы жанармай бағасы 140 теңгеге дейін шарықтаған. АИ-95 болса 1 литрі үшін 152 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Helios бекеттерінде АИ-92 – 138 теңге, АИ-95 – 150 теңге тұрады. Бағаның айтарлықтай шарықтауы “Аурика” жанармай бекеттерінде тіркеліп отыр. Мұнда 1 литр АИ-92 маркалы бензиннің бағасы бірден 145 теңгеге дейін өскен. АИ-95 болса 161 теңгеден сатылуда.
Ресейлік “Газпромнефть” компаниясының бекеттерінде де қымбатшылық. Мұндай АИ-95 – 141 теңге, АИ-95 – 153 теңге. “ҚазМұнайГаз Өнімдері” компаниясының басшылары бұған дейін елімізде АИ-92 маркалы жанармай бағасының 145 теңгеге дейін қымбаттайтынын болжаған еді.