06 Ақпан, 2017

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық кездесу өтуде

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық техникалық кездесу өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады. «Астанада сириялық жағдайды реттеу бойынша Ресейден, Ираннан келген сарапшылардың, сондай-ақ БҰҰ өкілдерінің қатысуымен үшжақты халықаралық кездесу өтіп жатыр. Мұнымен қоса, Иордания өкілдерінің де қатысуы күтілуде. Күн тәртібіне жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату туралы режімді сақтау, оқ атуды доғару уағдаластығын бекіту жөніндегі қаруланған сириялық оппозицияның ұсынысын талқылау, әскери іс-қимылдарды тоқтату режімін қолданудың нақты параметрлерін айқындау тақырыптарын талқылау енгізілген»,-деді Жайнақов. Оның айтуынша, тараптар биыл 23-24 қаңтар аралығында Астанада өткен халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша саяси мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, күннің екінші жартысында кездесу қорытындысы бойынша брифинг өтетіні айтылады.