09 Қыркүйек, 2011

Ұшақ қауіпсіздігі сөз болды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 8 қыркүйекте Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев ведом­ство­ның құрылымдық бөлімшелер бас­шыларымен Қазақстанда қол­да­ныста жүрген Як-42 әуе кемелерін пайдаланудағы қауіпсіздікті қам­та­масыз ету мәселелері жө­нінде  кеңес өткізді. 7 қыр­күйекте Ресей Федерациясының Ярославль қа­ла­сындағы орын алған ондаған адам­ды ажал құштырған апат ұшақтардың бұл тү­ріне ерекше көңіл бөлуге себеп болды. Қазіргі таңда Қазақстанда «SCAT», «Irtysh-Air» және «Авиа-Жайнар» авиакомпаниялар 4 Як-42 ұшағын жолаушылар тасымалында пайдалануда. Соңғы оқиғаны ескере оты­рып, Көлік және коммуникация министрлігі аталған компания­лар­ға ұшақтарға шұғыл түрде ұшу жарамдылық нормаларына сәйкес болуына техникалық тексеріс жүргізіп, техникалық жағ­дайы және ұшуға жарамдылығы жөнінде актілер жасау жөнінде нұсқау жолдады.