06 Ақпан, 2017

Сирия бойынша жедел топтың отырысы өтті

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Делегаттар Сирияда соғыс қимылдарын тоқтату режимінің толық орындалуы үшін өзара әрекеттестікті жалғастыруға дайын екендерін растады. Бұл туралы РФ ҚК Бас штабының бас жедел басқармасы басшысының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагамедов мәлім етті. «23-24 қаңтарда Астанада өткен Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер барысында бірлескен топ құру туралы шешімге қол жеткізілген болатын. Бүгін Ресей, Түркия мен Иран делегациялары, сондай-ақ БҰҰ өкілдері аталған топтың алғашқы отырысын өткізді. Қатысушылар Сирияда әскери іс-қимылды тоқтату режимін орындау барысын талқылады. Сондай-ақ осы режимді толығымен орындауға қажетті арнайы бақылауды жүргізу, сан-алуан арандатушылық әрекеттерінің алдын алу мен атысты тоқтату режимінің барлық талаптарын орындау жайы сөз болды. Делегаттар өзара сенім шараларын пысықтап, гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілу мәселесіне тоқталды. Тараптар Сириядағы соғыс қимылдарын толығымен тоқтатуға мүдделі екендерін жеткізді», – деп атап өтті С.Гаджимагомедов.