06 Ақпан, 2017

Заңды тұлғаларға берілетін несие пайызы азаюда

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың қорытындысы бойынша банктердің заңды тұлғаларға ұлттық валютада берген кредиттері бойынша мөлшерлемелердің 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 25,8%-дық мәннен 2016 жылғы желтоқсанда 14,4%-ға дейін біртіндеп төмендеуі байқалды. Теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлемелердің төмендеуіне қысқамерзімді өтімділікпен ахуалдың жақсаруы, банктік қызметтер нарығында бәсекелестіктің күшеюі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің және ішкі қорландыру құнының төмендеуі ықпал етті. Осылайша, теңгемен кредиттік ресурстар айтарлықтай қолжетімді болуда, тиісінше, кәсіпорындардың ағымдағы қызметін қаржыландыру көзі ретінде қарастырылуда. Мөлшерлеменің оң серпіні сақталған жағдайда негізгі капиталға инвестициялар көзі ретінде теңгемен кредиттеудің рөлі артады. Кредиттер бойынша мөлшерлеменің төмендеуі берілетін қарыздар көлемінде байқалды. 2015 жылмен салыстырғанда кәсіпорындарға ұлттық валютада берілген кредиттер 2,2%-ға 5 549,3 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл ретте 55%-ы базалық мөлшерлеменің неғұрлым төмен кезеңінде - екінші жартыжылдықта берілді. Ұлттық валютамен кредиттердің айтарлықтай көлемі экономиканың сауда (52,6%), өнеркәсіп (27,5%), құрылыс (5,5%) сияқты салаларының кәсіпорындарына бағытталған болатын.