09 Қыркүйек, 2011

Темірханның тәуелсіздікке тартуы

382 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Темірхан Момбекұлын бы­лай­ғы жұрт жазушы-журналист ретінде таниды. Ұзақ жылдар бойы Қазақ радиосында қызмет істеді. Ол дайындаған жүздеген хабарлар бүгінде радионың алтын қо­рына енген. Шығармашылығы да бір төбе. Бұл кісінің осы уа­қыт­қа дейін шыққан он төрт кітабы оқырманымен жүздесіп үлгерді. Жазушының тағы бір қыры бар. Ол – велосипедпен ел ара­лай­ды. Марафонға шығады. Алыс жол­дарды ауырсынбай, ел ара­сын­дағы адамдармен дидар­ла­сып, хабарлар жасайды. Осыған дейін талай жерді аралады. Ендігі сапарын Қызылорда – Астана арасына ар­напты. Бұрнағы күні велоша­бан­дозды жерлестері Қы­зылордадан шы­ғарып салды. Қа­на­тын қом­да­ған қырандай болған жазушы Жезқазған тасжолына түсіп кетті. Темірхан Момбекұлы бұл са­парын ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арнап отыр. Сапардың Қы­зылордадан бастау алуы да заңды. Өйткені, Ақмешіт – Алаш­тың ас­танасы болған қала. Бұрынғы астана мен қазіргі ел­дорданың арасын жазушы осы­лай бір жалғамақ ниетте екен. Ас­тана мен Қызылорданың ара­сы 1200 шақырым жолды құрай­ды. Осы аралықты жазушы 20 күнде жүріп өтпек ниетте. – Екі астананың арасына жол­ға шығу мен үшін бақыт. Осыған дейін талай жерге сапар шектім. Дегенмен, бұл жолғысының жөні бөлек. Өйткені, марафон Тәуел­сіз­діктің 20 жылдығына арналып отыр. Бұл – менің мерейлі ме­рей­тойға тартуым. Одан бөлек, Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев әр сө­зінде саламатты өмір салтын на­сихаттайды. Осы әрекетім арқы­лы жастарды саламаттылыққа ша­қырып, жол нұсқауды да ниет етіп отырмын. Алла сәтін салса, 20 күнде елордаға барып тоқта­мақ­пын. Жолда кездескен қиын­шылықтар мен қызықтар туралы да жазу ойда бар дүние, – дейді Темірхан Момбекұлы. Қызылордалықтар марафон­шы жерлестерін сән-салтана­ты­мен шығарып салды. Облыс әкі­мі­нің кеңесшісі Ержан Уәйіс құт­тықтау сөз сөйледі. Ал Жаңа­қор­ған ауданының тумасы Пахареддин Садықов өзі ағаштан ойып жасаған «Қорқыт-қобыз» компо­зи­циясын марафоншыға табыс­тап, Астанада Елбасы мұра­жай­ы­на жеткізуді аманаттады. Қалам­гердің бұл ісіне жастар да қызыға қарады. Оның жанкештілігіне тән­ті болып, қызу қолдау білдірді. Жазушы солайша жолға шықты. Енді ол елордаға жетіп қана ентігін баспақ. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда.