09 Қыркүйек, 2011

Жеделхат жолдады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровқа «Локомотив» хоккей командасы мен «ЯК-42» ұша­ғы экипажының қазаға ұшы­рау­ы­на байланысты көңіл айту жедел­хатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. «Локомотив» хоккей коман­да­сы мүшелері мен экипаждың қа­за­сына соқтырған «ЯК-42» ұша­ғы­ның апатқа ұшырауы туралы хабарды қайғыра отырып қабыл­дадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты шын ниеттен көңіл айтуымды білдіремін және қаза тапқандардың отбасыларына, туыс­қандары мен жақындарына қолдау сөзімді жеткізуіңізді өті­немін», делінген жеделхатта. Жақсыбай САМРАТ.