07 Ақпан, 2017

Сенат сапарлары

122 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Конституцияға өзгерістер талқыланды

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев Алматы облысындағы Ұйғыр ауданында болды. Сенатор аудандық мәслихат депутаттарымен, әкімдік қызметкерлерімен, құқық қорғау органдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, шаруа қожалықтарының басшыларымен және жергілікті тұрғындармен кездесті.

Мемлекет басшысының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу жөніндегі Үндеуі жан-жақты талқыланды. Депу­тат басқару жүйесін жаң­ғыр­ту­дағы Парламенттің рөліне егжей-тегжейлі тоқталды. Кездесу барысында Елба­сының Жолдауындағы негізгі ере­желерді талқылауға баса на­зар аударылды. Ұйғыр ауда­­ны­­ның тұрғындары мемле­кет­­тегі Үшін­ші жаңғыру тетік­тері ту­ра­лы бірқатар сауалдар қойды. Н.Қылышбаев елімізде Еу­ра­­зиядағы ауыл шаруа­шы­лығы нарығына негізгі қатысу­шы болатын қуатты ауыл шаруа­шы­лығы кластерін құруға ба­ғыт­талған Қазақстанның аг­рар­лық кешенін реформалау ст­ратегиясын жиналғандарға жан-жақты айтып берді. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы

Ұсыныс-пікірлерін білдірді

Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкі­леттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде  Ата Заңға енген өзгертулерді және Елбасының «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол­дауы­ның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғындарымен кездесті.

Белағаш ауылдық округінде, Бұқар жырау ауданының орта­лығы – Ботақара кенті және Ғаби­­ден Мұстафин кенті жұрт­шы­лы­ғымен кездесу барысында елі­міздің Негізгі Заңы – Конс­ти­туцияға өзгертулер мен биыл­ғы Жолдаудың негізгі бағыт­тары бойынша Сенат депута­тына бірқатар сұрақ қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Белағаш ауылдық округін­де «Возрождение» шаруа қо­жалы­ғының басшысы малдың тек қана сүті мен етін емес, оның мүйі­зін, тұяқтарын, сондай-ақ терісі мен жүнін де алып, коопе­р­атив­терге тап­сырып, өндіру­ге бо­ла­тын­дығы туралы пікірін білдірді. Аграрлық сала бойынша әлемдегі үздік елдер­дің тех­но­ло­гиясы мен тәжіри­бесін пай­далансақ, экспорт­ты арт­тыру­ға да, жаһан нарығын­да өзі­міз­дің брендіміз­ді қалыптас­тыру­ға да мүмкіндігі­міз зор еке­нін айт­қан Сенат депутаты оған елі­мізде ресурстарымыз жет­кі­лікті екенін атап өтті. Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы

Үшінші жаңғырту міндеттерін түсіндірді

Парламент Сенатының депутаттары Серік Нұрғалиев және Жеңіс Бектұрғанов Қостанай облысына жұмыс сапарлары барысында аймақтың сот корпусымен кездесу өткізді.

Кездесуде Елбасының Қазақ­­­стан халқына арнаған «Қазақ­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» Жолдауын іске асыру барысындағы барлық деңгейдегі сот қызметкерлері­нің міндеттері талқыланды. Сон­дай-ақ, кездесуде еліміз­дің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар да егжей-тег­жейлі қаралып, талқыланды. Сенаторлар өз сөздерінде биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының рөлін нығайту, саяси жүйені одан әрі демократияландыру және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жаң­ғырту туралы әңгімеледі. Осыған байланысты Парламент бірқатар заңдар қабылдайтын болады және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Кездесу барысында әкімші­лік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесіне, сондай-ақ сот жүйесіне халықтың сені­мін арттыру шараларына ерекше назар аударылды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» Қостанай облысы

Жергілікті халықпен кездесті

Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов Қызылорда қаласында болып, қала активімен, ардагерлермен және жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында Қазақ­стан Республикасының Пре­зиденті Н.Назарбаевтың мем­лекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қай­­та бөлу туралы Үндеуін түсін­діру және «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһан­дық бәсе­кеге қабілеттілік» халық­қа Жолдауын насихат­тау жұмыс­тары жүргізілді.

Жүздесу барысында сенатор міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Ұлтымыздың денсау­лығын сақтау еліміздің бас­ты мәселелерінің бірі екенін айтқан Б.Еламанов медицина саласындағы жасалып жат­қан реформалар халықтың ден­саулығын жақсартуға бағыт­талғандығын атап өтті.

Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы