09 Қыркүйек, 2011

«Болашақ госпиталі» адам денсаулығын жақсартуға бағытталған

314 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың ауруханалық басқарудың ха­лық­аралық тәжірибесін тарта оты­рып, елімізде «Болашақ госпиталін» құру туралы тапсырма бергені мәлім. Бұл Отанымыздың ден­сау­лық саласын дамыту жө­ніндегі 2011-2012 жылдарға ар­нал­ған «Саламатты Қазақстан» бағ­дарламасында да жан-жақты көрініс тапқан болатын. Енді сол міндетті айқындауға елдік тәжі­ри­бемізді халықаралық үрдіспен жалғастыруға арналған форум кеше елор­да­дағы Тәуелсіздік сара­й­ын­да өтті. Бұл алқалы жи­ын қа­сиетті Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дық мерекесі шеңберінде болған шара екенін де айта кетсек дейміз. Форумның негізгі мақсаты, денсаулық сақтауда­ғы менедж­мент­тің әлемдік және отандық бет­алыстарын пікірталас алаңын­да талқылау, іскерлік-серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, Қа­зақ елі­нің медицина ұйымдары­ның басшыларына шетелдік әріп­тестердің басқарушылық тәжіри­бесімен таны­суға мүмкіндік жасау. Сол секілді медици­на­лық ұйымдарды аккредиттеудің ха­лық­аралық стан­дарттары, па­циент-бағдарлы күтім, ақпарат­тық-тех­но­логиялардың рөлі, са­ла­дағы мемлекеттік және жеке меншік серіктестік саласындағы өзекті мәселелерді ой елегінен өткізу. Осы жиынға Президент Әкім­шілігінің, Премьер-Министр Кең­сесінің өкілдері, Парламент Мәжілісі­нің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП және бірқатар ве­дом­стволардың басшылары қатысты. Жинал­ған­дар ал­дын­да Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Ербол Орын­баев сөз сөйлеп, отан­дық меди­ци­наны дамытудың бүгіні мен келешегі ту­ралы жан-жақты баян­дады. Денсаулық сақ­тау министрі С.Қайырбекова екінші рет өткі­зі­ліп отырған фо­рум­ның мән-ма­ғынасына тоқталды. «Назарбаев уни­верситетінің» президенті Шигео Катсу жиынға қатыс­қандарды шын жүректен құттықтап, білім мен ғы­лым­ды ұштастыра оты­рып, маман дайындау жайын айтты. Екі күнге созылатын форум­ның алғашқы күні АҚШ, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, ТМД елдері­нің алдыңғы қатарлы әлем­дік сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ отандық мамандар баяндама жасаса, екінші күні секция жұмыстарында тәжірибе ал­ма­сып, адам денсаулығын жақ­сарту, әсіресе әр мемлекеттің келешегі саналатын жас ұрпақтың болашағын кемелді ету ісінде медицинаның рөлі туралы ой бөліседі. Біз төрткүл дүниеден келген білімді де білікті мамандармен тілдескенімізде, олар өмірде адам денсаулы­ғы­нан артық нәрсенің болмайтынын атап айтты. Мы­салы, Еуропадан келген Карло Рампони бо­лашақ гос­питалінің индикаторы ретіндегі сапа баға­сы мен сапа­сыздық туралы өз ой-байламдарын айтса, сингапурлық профессор Пуа Кай Хунг өз еліндегі денсаулық реформасы осы­дан 25 жыл бұ­рын басталғанын, қазір соның нәтижесін көріп отыр­­­ғандарын, ең бастысы, тұр­мы­сы төмен азаматтарға аса көңіл бөлінетінін, оларға қызмет көрсетудің көп жағдайда жеңіл­дікпен атқарылатынын алға тартса, АҚШ азаматы Эдвард Мартинез сапалы және қолжетімді ме­дициналық қызмет көрсету жай­ын қозғады. Жалпы, бұл форум­ның басты мақсаты – отандық медицинаны әлемдік озық тәжі­рибемен ұштастыра отырып да­мы­ту, жаңа технологияларды тиімді пайдалану. Сүлеймен МӘМЕТ.