Алматы Универсиаданың арқасында мегаполистің Алатау ауданы әрі қарай даму мүмкіндігіне ие болып отыр. Аталған ауданға 8 жылда құйылған инвестиция көлемі 32 есе артқан.
Осыған дейін қаланың шырайсыз шеті саналып келген Алатау ауданы бүгіндері қала қонақтары мен тұрғындарын өзіне баураған жаңа орталыққа айналып үлгерді. Бұл ауданда Универсиаданың басты нысандары – «Алматы Арена» және Атлеттер ауылы орналасқан. «Алматы Аренаға» қол созым жерде 15,6 мың пәтерлік шағын аудан, соның ішінде, «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша 9 қабатты екі үй бой көтерді. Алдағы үш жылда тағы 16 мың пәтерден тұратын 279 үй салынбақшы.
Қысқы Универсиада өткізілген соң, толыққанды әлеуметтік инфрақұрылымы бар Атлеттер ауылы 1,7 мыңнан аса отбасы үшін жайлы баспанаға айналады. Атлеттер ауылының 1748 пәтері әрі қарай сатып алу мүмкіндігімен жалдауға берілмекші. Осылайша, алғашқы сегіз жыл ішінде 15,5 млрд теңге мөлшерінде инвестициялардың 40 пайызға жуығы қайтарылмақ. Бұл Алматыдағы баспанаға кезекті 10 пайызға азайтуы тиіс.
Жаңа тұрғын үй кешенінде емхана, супермаркет, банк бөлімшелері мен пошта, полиция бекеті қызмет көрсететін болады.
Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22