Әлеуметтік желіде бәзбіреулер өзінің қалтасынан ақша шығарып жатқандай, «осы Универсиада бізге керек пе, даңқты спортшылары жоқ, қарадүрсін өтіп жатыр» деп күйінеді. Мейлі, ауыз өзінікі ғой дейін десең, осындай арандатуға көптеген азаматтарымыз сеніп қалады. Универсиаданың тарихи оқиға екендігін, оған бүкіл дүние жүзі көз тігіп отырғандығын, Қазақстанның мәртебесі асқақтап жатқандығын ескергісі келмейді. «Алматы Аренада» өткен мәнерлеп сырғанауда жарысқа түскен саңлақтардың тізімін бір сүзіп өткенде, біздің қыздарға оңай болмайтынын түсіндік. Ресей біріншіліктерінде топ жарып жүрген Елена Родионова, Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Элизабет Тоқтамышеваны былай қойғанда, көк айдында жұлдыздай жарқыраған жапон, корей қыздарын қайда қоярсыз? Тіпті, олар екінші құраммен келгеннің өзінде ешкімге дес бермейді.
Айтқандай, қысқа бағдарлама бойынша үздік шыққандар финалға өтті. Мұнда жинаған ұпайларына қарай төрт топқа бөлінеді. Біздің қыздар бірінші және екінші топқа түсті. Мықтылар үшінші мен төртіншіде. Мәселен, біздің Айза Мамбекова 42,41 ұпай жинаса, Элизабет Тоқтамышева 69,01, Елена Родионова 69,02 ұпайға қол жеткізді. Жапон қыздары Рио Нихая 61,90, Хинаго Исобо 59,60 ұпайға ие болды. Бұларға италиялық Роберто Родемероның өкшелеп келе жатқандығын ескерсек, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің осылардың арасынан іріктелетіндігі белгілі болып қалды.
Әрине, бұл Универсиадаға біздің мәнерлеп сырғанаудағы үкілеген үмітіміз Элизабет Тұрсынбаева жасы толмағандықтан қатыса алмады. Мемлекетіміздің атын талай халықаралық бәсекелерде көкке көтерген қызылордалық қыздың есімін әкесі әлемдік киножұлдыз Элизабет Тейлордың құрметіне қойған екен. Бұл Универсиадада есе жіберсек те, келесі Универсиадада Тұрсынбаеваның топ жарарына сендік. Ал бүгінгі жарысқа қатысқан қыздарымыз үшін шеберлердің өнері үлкен мектеп болары сөзсіз.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Баласағұннан жеткен құнды мұра
Жәдігер • Бүгін, 08:10
Объективке ілінген ақжарқын бейне
Тарих • Бүгін, 08:05
Тағзым • Бүгін, 08:00
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 07:36
Белгілі журналист Батырбек Мырзабековтың шығармалар жинағының тұсауы кесілді
Қоғам • Бүгін, 00:55
Махамбет университетінде жаңа спорт сарайы ашылды
Спорт • Бүгін, 00:40
Инновациялық технологиялар паркінде ұлттық кремний кластері дамиды
Технология • Бүгін, 00:05
Өсу баспалдақтары: 13 жылдық жүйелі серпін
Бизнес • Бүгін, 00:02
Жетісуда коалиция өкілдері кәсіпорын ұжымымен кездесті
Референдум • Кеше
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше жолы жабылды
Ауа райы • Кеше
«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік қолға өтті
Футбол • Кеше