Қазір технологияның дамыған заманы ғой. Мүмкіндік болып тұрған кезде өткен дүниелердің бәрін қаттап, өңдеп, сақтап қойғанға не жетсін?! Осыған байланысты жыл соңына дейін кассетаға жазылған 25 мыңнан астам отандық фильмдер өңделіп, сандық құрылғыға көшірілетін болды.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатовтың айтуына қарағанда, бұл іс жүзеге асқаннан кейін, жаңа құрылғыға көшірілген кинотуындылар қазақстандық арналарда көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл жобаға «Қазақфильм» киностудиясы қолдау көрсетуде. Және биыл қабылданатын кино туралы заң да бұл іске оң серпін беретіні анық.
Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»