07 Ақпан, 2017

Павлодар облысында электр-металлургиялық зауыт салынады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылдың күзінде Павлодар облысы Ақсу қаласының өнеркәсіптік ауданында жаңа металлургиялық кәсіпорынның құрылысын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда қондырғы мен құрылыс компаниялары арасында келіссөздер  жүргізілуде. Зауытта шығарылатын  ферросилициум өнімі әр түрлі болат түрін ерітуді қалыптастырады. Кәсіпорын толық қуаттылыққа шыққан соң  кәсіпорында  720 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, Ақсуда ауыл шаруашылығы, туризм және қызмет көрсету саласында бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен, қалада  50 млн теңге және  ойын-сауық «Aksu Mall»  орталығын салу жоспарланған. Оның инвестициясы  600 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру уақыты – 2017-2019 жж.