Фото: Астана қаласының әкімдігі
«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы департаментінің директоры Саят Оразтайдың айтуынша, Есіл бойымен су серуенін жасау – елордадағы ең танымал демалыс түрлерінің бірі. Биылғы маусымда жолаушылар үшін жағымды жаңалықтар аз емес.
«Есіл Астана» кеме қатынасы компаниясының өкілі Карина Данилко маусым алдында барлық техникалық тексерістің аяқталғанын мәлімдеді.
«Барлық теплоход сырланып, толық қызмет көрсетілді. Жолаушылар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді: жаңа құтқару жилеттері сатып алынып, жабдықтар қайта тексерілді», деді ол.
Биыл су айдынына түрлі сыйымдылықтағы теплоходтар шығады:
- 45 орындық «Астана KSW-082»;
- 65 орындық «Есіл KSW-092» және «Р-118»;
- 30 орындық «КС-192», «КС-201» және «ПР-151».
Сонымен қатар компания кеме паркін заманауи үлгіде жаңарту мақсатында 12 адамға дейін арналған жылдам жүретін төрт шағын кеме сатып алған. Бұл жаңа кемелер шағын топтар мен отбасылық серуендер үшін ыңғайлы болмақ.
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі