Елорда • Бүгін, 11:22

Астанада 1 мамырда ауқымды спорт фестивалі өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 мамыр күні Астана қаласында бұқаралық спортты дамытуға арналған ірі спорт фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шараның ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада 1 мамырда ауқымды спорт фестивалі өтеді

Фестиваль аясында қатысушыларды бірнеше спорттық бағыт күтіп тұр. Атап айтқанда, 5 шақырымдық жаппай жүгіру, скандинавиялық жүріс және балаларға арналған 400 метрлік арнайы жарыс өткізіледі.

Тіркеу уақыты:

  • 07:30 – 09:00 – 5 км жүгіру және скандинавиялық жүріс
  • 10:30 – балалар жарысы

Қатысушылар саны шектеулі:

  • 5 км жүгіру – 1500 адам
  • Скандинавиялық жүріс – 200 адам
  • Балалар жарысы – 200 бала

Фестиваль тек жүгірумен шектелмейді. Сағат 11:00-ден бастап келушілерді йога жаттығулары, street workout, жекпе-жек өнері бойынша көрсетілімдер, сондай-ақ волейбол, мини-футбол және баскетбол сияқты командалық ойындар күтеді. Сонымен қатар армрестлинг, турникке тартылу, гир көтеру секілді спорт түрлері де өтеді.

Қызылордада 400 адам қатысқан марафон өтті

Іс-шараның өтетін орны – «Music Hall Astana» жағынан Триатлон паркі. Бұл фестиваль бұқаралық спортты насихаттап, қала тұрғындарын белсенді өмір салтына тартуды мақсат етеді.

Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді

Соңғы жаңалықтар