07 Ақпан, 2017

Қарағанды облысында арнайы кокстан көмір өндірілмек

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылы Қарағанды облысында ұсақ арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіру көзделген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Ұсақ арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіруді ұйымдастыру» жобасы Энергетика министрлігінің Жол картасына енгізілді. Оны жүзеге асыруға 40 млн теңгеге жуық қаржы салынды. 2017 жылдың тамызына қарай осы өнімнің өндірісі үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылғыны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның қуаттылығы - жылына 1000 тоннаға дейін болады. Әкімдік хабарлағандай, өткізу нарықтары бар. Қазақстанда белсендірілген көмір тұтыну жылына шамамен 3000 тоннаны құрайды. Өнім негізінен алтын өндірісінде қолданылады. Перспектива бар. Жоба импортты алмастыруға бағытталған. Қазіргі кезде белсендірілген көмір Ресей, Украина және Қытайдан әкелінеді.