07 Ақпан, 2017

2016 жылы ШҚО тұрғындарының 60%-ы скринингтік тексеруден өтті

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс халқын тексеріп-қарау – 9 түр бойынша, оның алтауы онкологиялық ауруларды анықтау бойынша жүргізілген, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
«Ересектерден басқа 18 жасқа дейінгі 31 885 бала қаралған, олардың ішінде әр түрлі аурулармен ауыратын 28 313 адамның аурулары ерте кезеңде анықталған, 11 116 науқас диспансерлік есепке алынған, ал 12 407 науқас толық емделіп шыққан», – делінген хабарламада. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова айтып өткендей, ауруларды емдеуден олардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларға көшуге баса назар аударылады. «Облыс тұрғындары қазіргі уақытта скринингтерге белсенді түрде қатысуда. Көпшілігі одан бас тартпай, өздерінің денсаулығы үшін барлық кезеңнен өту қажеттігін түсінеді. Президенттің Жолдауы тұрғысынан біз осы бағыттағы жұмысты күшейтеміз», – деп атап өтті Р. Сафиоллинова. Айта кету керек, 2014 жылдан бастап қауіпті ісік ауруларының жоғары деңгейін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының 65 жастан жоғары тұрғындарына арналған скринингтік бағдарлама енгізілген болатын, оның барысында 124 мыңнан астам адам тексеріп-қаралған.