Білім және ғылым министрлігі қазақстандық мектептердегі сыныптарға Wi-Fi орнатуға байланысты жоба бастамақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында белгілі болды.
"Бүгінде интернет көп мектептерде бар. "Сандық Қазақстан" аясында біз осы мәселені қарастырдық. Тағы бір маңызды жағдай - әр сыныптағы Wi-Fi ішкі желісі. Біз Қазақстанның барлық мектептерін құрылымды кабелді жүйемен қамтитын ірі жоба бастамақпыз. Бұл жұмыстарды атқару үшін студенттерді жұмысқа тарту ойда бар. Ол үшін алынатын қажетті құрылғылар қымбат тұрмайтынын атап өту керек", деді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Сонымен қатар барлық орта мектептерде әр оқушыны шкафтармен қамту көзделген.
"2017 жылға берілген бюджетте мектептердің елу пайызын сапалы ауыз сумен қамту қарастырылған", деді министр.