07 Ақпан, 2017

ҰЭМ 9 негізгі бағыт бойынша 140 іс-шара жоспарлаған

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Ұлттық экономика министрлігі 9 негізгі бағыт бойынша 140 іс-шара жоспарлаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Сонымен қатар министр 2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары туралы айтты. Министр хабарлағандай, негізгі бағыттар арасында ЖІӨ өсімінің жоспарланған қарқынына қол жеткізу, бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және халық табысын көтеру, адами капитал сапасын арттыру бойынша реформаларды тереңдету және басқалары бар. «Бюджеттің теңдестірілуін қамтамасыз етуді арттыру мақсатында ақпанда әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2017 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері қайта қаралатын болады», - деп мәлімдеді Т. Сүлейменов.