07 Ақпан, 2017

Ұлттық валюта бір жылда 6,1% нығайды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың қорытындылары бойынша теңге нақты көрсетуде 6,1%-ға нығайды (нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің 37 елдің валюталарына қатысты өзгеруі), ал 2014 жылдың басы – 2016 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде әлсіреу 21,0%-ды құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк. 2016 жылы теңгенің Ресей рубліне қатысты нақты көрсетуде (салыстырмалы бағалардың өзгеруіне түзетілген) әлсіреуі 8,3% болды, ал 2014 жылдың басынан бастап теңгенің нақты әлсіреуі 10,1% болды. Негізгі сауда әріптестері валюталарының нақты айырбастау бағамдарының индекстерін өзгерту бойынша деректер кестеде келтірілген.