08 Ақпан, 2017

2016 жылы Шымкентте 1 337 жанұя баспаналы болды

185 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде халық алдында есеп берді. Жиынға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Шаһар басшысы атап өткендей, өткен жылы «Нұрлы жол», «Индустриялды-инновациялық даму», «Өңірлерді дамыту» бағдарламаларын іске асыру арқылы біршама жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 327 млрд.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайызға, ауылшаруашылық өнімінің көлемі 3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 23 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 14 пайызға өсті. «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары  шеңберінде 3 777 пәтерлі 64 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, есепті жылы 90 пәтерлі 2 коммуналдық, 216 пәтерлі жас отбасыларға арналған, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және «Бәйтерек development» арқылы 996 пәтерлі  32 тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 1 302 отбасы тұрғын үймен, 35 отбасы жатақханамен қамтасыз етілді. Қалалық бюджет 2016 жылы 111 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда  28  млрд. теңгеге ұлғайды. Қаржының басым бөлігі, қаланың инженерлік жүйелеріне, осы саланы дамытуға бағытталған. 52 жобаның құрылысына 20 млрд.теңге қаржы бөлінсе, 27-сі пайдалануға берілді. Транспорт саласына өткен жылы 13 млрд.теңге қаржы бағытталып, 2015 жылға қарағанда қаржы көлемі 6,7 млрд.теңгеге ұлғайды. Қаржыны ұлғайту арқылы бірқатар маңызды жобалардың құрылысы жүргізілді. Туризмді дамыту мақсатында қалада бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, Шымкенттің брендін қалыптастыру үшін қаланың логотипі қызғалдақ бейнесіне өзгертілді. Отбасылық демалуға арналған «Тұлпар» көлі маңында жеке инвестор есебінен «Жайлау көл» ойын сауық орталығы ашылды. Онда, биіктігі 50 метр  «Altyn Eye» атты дөңгелек шеңбер орнатылды. Ауыл шарушылығы саласы. Қалада 4 мыңға жуық шаруа қожалықтары, 200-ден астам  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Бұл саланы қолдау мақсатында «Агробизнес 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде көлемі 11 га құрайтын жылыжайлар ашылды (Алтынтөбе, Қайнарбұлақ, Сайрам, Жаңаталап, Мәртөбе, Ақжар тұрғын алабтарында). Оның ішінде 5,5 га өнеркәсіптік жылыжай. 200 гектар жерге тамшылатып суару әдісі ендірілді. Қаржы ұйымдарымен 825 млн.теңгеге 130 бизнес жоба қаржыландырылды. Білім сапасын жақсарту бағытында оқушылар үлгерімін ата-анасы бақылау мақсатында 29 мектепке пилоттық жоба ретінде электрондық бақылау жүйесі енгізілді. Нақтырақ айтсақ, ата-анаға ұялы телефон арқылы баласының үлгерімі туралы СМС немесе электрондық пошта арқылы хабарлама беріліп отырады. Спортшыларымызға жағдай жасау үшін өткен жылы №12-ші спорт мектебі қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Бокстан №5-ші спорт мектебінде (ФОК) қосымша құрылыс жұмыстары басталып, осы жылдың жазында қайта іске қосылады. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін демеушілердің есебінен 4 жерге  «Streetworkout» спорт алаңшасы,  Түркістан көшесі бойынан Кроссфит орталығы ашылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы қаламызда Астана қаласынан кейінгі «ShymkentBike» жобасы іске асырылды.