08 Ақпан, 2017

ШҚО құтқарушылары ТЖ жарияланған ауыл тұрғындарына көмек көрсетуде

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары бірнеше күн бұрын табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған ауылдық округтердің тұрғындарына азық-түлік жеткізуге көмектесті, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті. Қараөлең, Абралы, Айнабұлақ, Таңат, Ақбұлақ, Жазық, Жиенәлі және Знаменка ауылдық округтерінде Семей қаласы әкімінің өкімі бойынша жергілікті көлемдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қолайсыз ауа-райына байланысты елдімекендер, қыстақ учаскелері арасында көлік қатынасы бұзылған. Шаруашылықтағы жануарлар қораға қамалуда, себебі жайылымдарды кей жерлерде қалыңдығы 0,5-0,7м дейін қалың қар басып, мұз қатып қалған. Семей қаласының өрт сөндірушілері өтімділігі жоғары техниканың арқасында аталмыш ауылдардың тұрғындарына азық-түлік жеткізіп беруде. Осы уақытта, Ұлан ауданының құтқарушылары сырқаттанып қалған ер адамға көмектесті, Текшіл учаскесінен Бозанбай ауылына жеткізді. Сырқат дәрігерлерге өтініш білдірген, алайда жедел жәрдем көлігі шақыру орнына жете алмаған. Құтқарушылар МТЛБ көмегімен 15 шақырымды басып өтіп, ер адамды Бозанбайға жеткізді.