09 Ақпан, 2017

Байлықтың көзі балықта

264 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Алайда бұл салаға жеткілікті назар аударылмай келеді Атырау десе алдымен мұнай, содан соң балық еске түседі. Алайда, Жайық-Каспий бас­сей­нін­дегі су маржандары жыл санап азайып барады. Бра­коньерлердің заңсыз әрекеттері, экологиялық жағдаймен бірге табиғи фактор да бағалы балық қатарының сиреуіне себеп болып отыр. Аймақтағы балық шаруашылығы және оның төңірегіндегі шешімін күткен мәселелер жайында не айтуға болады?

Жайық таязданып барады

Атырау аймағында халықаралық маңызға ие үш су қоймасы бар: Каспий теңізінің солтүстік бөлігі, Жайық және Қиғаш өзендері. Бұрын теңізге құятын өзендердің ішінде Жайықта ғана бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын орындары көп болатын. Кейінгі кездері кеміді. Су қоймасының түбі лайланып, жағалау белдеуі өзгерді. Бұл өз кезегінде бағалы балық қорының 30 есеге дейін азаюына әкелді. Әсіресе, Жайық, Қиғаш өзендерінің тайыздап кетуі кесірінен балықтар еркін көбейе алмай қалды. Балық жүретін арықтарды тереңдету жұмыстары жайында өткен жылы облыстан Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір емес, екі рет хат жолданған еді. «Ол ел Үкіметінің отырысында қаралатын Атырау облысының проблемалы мәселелері тізіміне енгізілді. Бірақ министрлік елдегі экономикалық жағдайға байланысты балық шаруашылығы мелиорациясына бюджеттен қаражат қаралмағанын хабарлады», дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиев. Қаражат қаралмады екен деп қарекетсіз отыруға тағы болмайды. Жайықтың Яицкий, Қиғаштың Ганюшкин деп аталатын каналдарын тереңдету жұмыстарына құжаттама дайындау үшін облыс қазынасынан 65 млн 900 мың теңге бөлінген. Бір ғана Яицкий каналынан 12 таяз учаске анықталып отыр екен. Жалпы, Құрманғазы ауданына қарасты Қиғаш, Шарон өзендерінің гидрогеологиялық ахуалы сын көтермейді. Бұған соңғы жиырма жылдан астам уақыттан бері бірде-бір рет тереңдету жұмыстары жүргізілмегенін қосыңыз.

Лимиттің лаңы көп

Соңғы бес жылда өңірдегі балық аулау көлемі 14 мың тоннадан 12 мың тоннаға төмендеді. Белгіленген лимит мөлшері де 26 мың тоннадан 19 мың тоннаға дейін азайған. Құрманғазы ауданына барған сапарында балық шаруашылығы жайын талқылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бірқатар проблеманы ашып айтқан еді. Аудандағы табиғат пайдаланушыларға өткен жылы 5 790,1 тонна лимит бөлінген, соның 78 пайызы ғана игеріліпті. Балық аулау лимиті мен өңделген балық көлемі жыл санап азайып барады. Бұған осы саладағы қордаланған мәселелер себеп болып отырғанға ұқсайды. Мысалы, «Құралай» корпорациясының президенті Әбдібек Бисеновтің айтуынша, балық аулауға бөлінген лимит шарттары көңіл көншітпейді. Ол көршілес Ресей елі­нің на­ры­­ғына шыға алмай отыр­ған­дарын, бұл жолда кедергілер көп екенін де жасырмады. «Бүгінде ресейліктер біздің пайдалана алмаған мүмкін­­дік­терімізді іске асырып отыр. Өңделген балықтар Аты­рау­да Астраханьнан екі есе қым­бат», деген кәсіпкер облыс орта­лығынан арнайы дүкен ашқы­сы келеді. Шыны керек, Аты­раудың балы­ғын ресейлік биз­нес иелері сатып алып, оны өңдеп, қайтадан өзі­мізге сатып жүргендеріне біраз уақыт бол­ды. Қазір аймақта балық аулап сату­мен айналысатын 19 кә­сіп­­орын бар, алайда соның тек он па­йызы ғана балық өні­мін дайын­д­айды. Ауланған балық­тың тоқсан пайызға жуығы Ресей­ге, қалған бөлігі Украина, Гер­ма­ния, Франция елдеріне жөнел­тіле­­ді. Бірақ экспортқа шыға­ры­­лып жатқан өнімдердің көп бөлі­гі өңделмеген күйде кетіп жат­қаны­на көз жұмып қарап отыр­а беруге тағы болмайтынын ес­керт­­­кен аймақ басшысы Нұр­лан Но­ғаев: «Елбасы биылғы Жол­дауын­­да ауылшаруашылық сала­сы елі­міз үшін стратегиялық ба­сым бағыт­тар­дың бірі екендігін айт­ты. Біз Аты­рау облысында эко­но­ми­ка­­ны әр­та­раптандыра отырып, экспорт­қа терең өңдел­ген өнімді шығаруға ден қоюымыз керек», деп атап өтті. «Каспий таңы» өндірістік коо­пе­ративінің басшысы Бақыт­жан Теміров те біздің елдегі балық кәсіп­­шілігінің өрістеуін көрші ел­­мен байланыстыра баяндап, Ресей­­де лимит ерте бөлінетінін, өзен­ге мұз түсе бастаған кезден-ақ олар іске кірісетінін айтады. Ал біз­де қаулыны Үкімет ақпан айы­­ның соңында ғана шығарады. Ол кү­ші­не енді дегенше наурыз бола­­ды. Бұл – тым кеш. Тағы бір мәсе­ле аулан­­ған балықты облыс ор­та­­лы­­ғы­­на сараптамаға апаруға қа­ты­с­­ты. Сараптама нәтижесін алу үшін де он күннен астам уақыт керек. «350 шақырым жол жүріп, сарап­тамаға апарамыз. Оның қоры­тын­дысын бізбен бірге шет елден келген тап­сы­рыс берушілер де күтеді. Ал біз олардың көлік­тері бос қаң­тарылып тұрғаны үшін 500 доллар­дан төлеуге мәж­бүр боламыз. Аудан­да жаңа зертхана бар, бірақ онда са­рап­­тама жасалмайды», дейді коо­­пе­ратив басшысы. Ең қиыны, балық­ты тасымалдауға тек күндіз ғана рұқсат етіледі. Шекара­шылар түн­де жүруге рұқсат бер­мей, таңға дейін тоқтатып қой­ған мысалдар да бол­ған. Әсіре­се, күн ыстық кез­де балықт­ар шіріп, пайдасыз болып қала­ды. Алыстағы ауданның балық­­­шыларын мазалаған бұл мәсе­­­ле­­лерді облыс әкімі Нұрлан Но­ғаев жауапсыз қалдырмады. Ай­­мақ басшысының араласуы­мен енді сараптама жұмысы аудан ор­та­лы­ғында жасалатын болып шешілді. Ал қалған проб­ле­малар­дың күрмеуін табуға әлі де уақыт керек.

«Барымташыға» бақылау бар ма?

Бағалы балық қорының азаюы­на браконьерлердің де «қаты­сы» бар. Облыстық ор­ман шаруа­шылығы және жануар­лар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың айтуынша, балық қорғау саласының қызмет­кер­лері өткен жылы 43 заң бұзу­шы­лықты анықтаған. Осы дерек­тер бойынша он қылмыстық іс қозғал­ды. Табиғат қорғау орган­дары­мен бірге инспекторлар 10 180 келі балық және балық өнім­дерін тәркілеген, оның ішінде 158 келі бекіре тұқымдас балық бар. Атыраулық балықшыларды толғандыратын тағы бір жайт – субсидияға қатысты. Мемлекет қолдауы тек балық өсірумен және тоған шаруашылығымен айналысатындарға ғана тиесілі. Ал қалғандарына субсидия алу әзірге арман болып тұр. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024