10 Қыркүйек, 2011

Жаңа диагностикалық құралдармен жабдықталды

415 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Өткен тамыз айында 7 облыс орталығы мен бір қалалық СПИД орталығының лаборатория­ла­рын­да қазіргі заманғы диагнос­ти­ка­лық құрал-жабдықтар пайда бол­ды. Ендігі жерде бұл озық техникалар ВИЧ және СПИД дер­т­те­рі­нің ан­ық­талуын бақылау сапасын жақ­сар­тып, осы мәселеде кетіп жатқан кемшіліктерді азайтатын болады. – Бүгінде мемлекетіміз ВИЧ-инфекциясын бастапқы кезеңде емдеп, жазуға үлкен мән беріп отыр. Ал диагноз қою мен емдеу шараларын жүргізуде лабора­то­рия­лық зерттеулердің сенімділігі аса маңызды. Осыған байла­ныс­ты, медициналық диагностикалық құрал-жабдықтардың жаңаруына мұқтаж болып отырған бірқатар аймақтық СПИД орталықтарына СПИД-пен күресудегі Жаһандық қорының грантына әлемдегі озық технологиялардың стандарты бой­ынша жасалған құрал-жаб­дық­тар сатып алдық, – дейді СПИД-тің алдын алу мен күресу жөніндегі Республикалық орталығының бас директоры Марат Түкеев. Яғни, қазіргі күндері 2 ағынды цитофлюориметр Қарағанды жә­­не Батыс Қазақстан облыста­рын­да­ғы СПИД орталықтарына жеткізілген. Бұл құралдар ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан жандардың қан­дарындағы адамның иммунитетіне жауап беретін СД4 жасу­ша­ларын және ретровирусқа қар­сы жүргізілетін терапия мен оның тиімділігін анықтауда өте қажет. Сол сияқты иммунтапшылығы сараптамалары үшін қажетті 7 құ­рал-жабдықтар жиынтығы Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Алматы об­лыс­тары мен Семей қалалық СПИД орталығына берілді. Қазіргі таңда иммуноферментті сараптама лабораториялық диаг­ностиканың ең негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Оның бас­ты артықшылығы: нәтижелерді ав­то­матты түрде есептеудің ар­қа­сында нақты әрі онымен жұмыс істеу жылдам және ыңғайлы көрінеді. Оған қоса республикалық СПИД орталығының лаборато­рия­сына ПЦР (полимеразная цепная реакция) құрал-жабдығының толық жиынтығы сатып алынған. Медициналық сараптама жүргі­зу­дің бұл әдісі жұқпалы ауруларды анықтауда өте сезімтал көрінеді. Бұған қоса СПИД орталық­та­ры­ның қызметкерлері жаңа медици­на­лық жабдықтармен жұмыс істеу үшін арнайы курстан өтуде. Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.