10 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы №332

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
   2011 жылғы 25 тамыз,   Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2008 жылғы 30 шілдедегі №107 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2008 жылғы 30 шілдедегі №107 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 10 қыркүйекте № 5302 тізілімінде тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағы» 2008 жылғы 15 қазандағы №10 жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіпте жіберсін; 2) осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Комитет Төрағасы       Н.ӘБІҚАЕВ.