10 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы №375

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 31 тамыз,    Астана қаласы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына толықтыру енгізу туралы «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде академиялық оқу үшін ғылыми немесе педагог қызметкерлерге бөлінген квоталарды іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына (2011 жылғы 26 мамырдағы № 221 (26619) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 6961 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакциядағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) квота бойынша мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының ғылыми немесе педагог қызметкерлері үшін құжаттар қабылдау – 2011 жылғы 1 маусымнан 15 қыркүйекке дейін;». 2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә.Ырсалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр      Б. ЖҰМАҒҰЛОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 1 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7156 болып енгізілді.