Түркіменстан президенттігіне кандидат, елдің қазіргі басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов отбасымен бірге жексенбі күні таңертең президенттік сайлауда дауыс берді. Бұл туралы түркімен телеарналарына сілтеме жасап РИА «Новости» хабарлады.
Ашгабаттағы №68 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне президентпен бірге оның әке-шешесі келді.
Дауыс беруден кейін Бердімұхамедов қысқаша сөз сөйледі. «Бүкіл халқымыз ел үшін маңызды оқиғаға қатысуда. Миллиондаған адам конституциялық хұқын пайдаланып, еріктерін білдіріп жатыр. Олар болашақ алдындағы ұлы жауапкершілігін сезініп, жоғары мемлекеттік қызметке алдағы жеті жылға лайықты деген кандидатқа дауыс беруде» деді ол.
Сайлауға барлығы тоғыз кандидат түсті. Жергілікті уақыт бойынша 07.00-де (Астана уақыты бойынша 08.00) басталған дауыс беру кешкі 19.00-ге дейін жалғасады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбінің қолдауына ие болған кандидат Түркіменстанның жаңа сайланған президенті болып саналады.
2016 жылдың 14 қыркүйегінде қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, президент өкілеттігі бес жылдан жеті жылға ұзартылды. Сонымен қатар,президенттің жасы 70-тен жоғары болмауы керек деген шектеу алынып тасталды.
• 12 Ақпан, 2017
Бердімұхамедов Түркіменстан президенттігі үшін сайлауда дауыс берді

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38