Түркіменстан Конституциясы бойынша президент – мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы. Ел тәуелсіздігінің, бейтараптығының, территориялық тұтастығының кепілі.
Түркіменстан президенті тікелей сайлауда жеті жылға сайланады және ант берген сәттен қызметке кісіреді.
Дауыс беру құқына 18 жасқа толған ел азаматтары ие. Сот шешімімен істеген ісі үшін заң алдында жауапкершілігі жоқ деп танылған адамдар және түрмеде жазасын өтеушілер сайлауға қатыса алмайды.
Түркіменстан президенттігіне кандидат ретінде Түркіменстанда туған, жасы 40-тан төмен емес, мемлекеттік тілді білетін, соңғы 15 жыл бойы Түркіменстанда тұрған, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, кәсіпорындарда, мекемелерде жұмыс істеген Түркіменстан азаматын ұсынуға болады (жасы 70-тен жоғары болмау керек деген бұрынғы шектеу 2016 жылы қабылданған жаңа Конституциядан алынып тасталды).
Кандидатты саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Құрылтайға қатысушылардың жартысынан көбінің даусын жинаған жағдайда үміткер сайлауға ұсынылған болып саналады.
Азаматтардың тобы ұсынған жағдайда, кандидат болып тіркелу үшін кемінде 10 мың сайлаушының қолы керек.
Ұсыну сайлаудан 60 күн бұрын ұсынылып, сайлауға 30 күн қалғанда тоқтатылады.
Кандидаттарға теле-радиоарналардан теңдей эфир уақыты (күніне кемінде бір сағат), баспасөзден бірдей көлемде алаң беріледі.
Дауыс беру 07.00-де басталып, 19.00-де аяқталады.
Дауыс беруге қатысқандардың жартысының көбіне ие болған кандидат жеңген болып саналады.
Сайлау комиссиясы сайлаудан кейінгі жеті күн ішінде сайлаудың қорытындысын шығарып, хаттама толтырады. Сайланған президентті тіркеп, осы мерзім ішінде тұрғындарға сайлау нәтижесі туралы ақпарат береді.
Кандидаттардың ешқайсысы жеңе алмаған жағдайда негізгі сайлаудан кейін екі апта ішінде ең көп дауыс жинаған екі кандидат арасында сайлау өтеді.
Түркіменстан президенті ел Конституциясына оң қолын қойып ант береді.
Салтанатты жиынның төрағасы, Түркіменстанның бес уәлаяты және Ашгабаттың атынан келген ақсақалдар мемлекет басшысына Түркіменстан президентінің куәлігін және белгісін табыстайды. Президент екінші мерзімге сайланған болса, Президент белгісі қайта табыс етілмейді.
Инаугурацияда Түркіменстан президенті алдына ақ киіз төселеді. Президентке дәстүрлі түркімен сачагы (нан орайтын қасиетті дастархан), жебе салынған қорамсақ, Құран және Рухнама тартылады.
Бұдан кейін президент Түркіменстан азаматтарына арнап қысқаша сөз сөйлейді.
Ержан Әбдіаман, РИА "Новости" материалдары бойынша
• 12 Ақпан, 2017
Түркіменстанда президент сайлаудың кейбір ерекшеліктері

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38