12 Ақпан, 2017

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптады

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына  қатысты мәлімдеме жасады. «Қазақстан Республикасы КХДР-дың 2017 жылғы 12 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын өрескел бұзып жасаған баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң айыптайды. Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға тең төрағалық ете отырып, сондай-ақ Баллистикалық ракеталардың таралуының алдын алу іс-қимылдары жөніндегі Гаага кодексіне төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және ол өңірлікпен әрі ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді», делінген хабарламада. Сондай-ақ, Қазақстан әлемнің ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі екеніне кәміл сенімді болып, КХДР-ды Қытай, Ресей, АҚШ, Корей Республикасы және Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы келіссөздер үстеліне кідірмей оралуға және ядролық шамданушылықтан  толық бас тартуға шақырады. Еске сала кетейік, бүгін Солтүстік Корея Жапонияға қарай Жапон теңізіне қарай орналасқан Пхёнан-Пукто провинциясындағы әуе базасынан баллистикалық зымыран ұшырды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, оңтүстіккореялық әскерилер оның ұшу жолын бақылап отырған және зымыран 500 шақырым жерге дейін ұшқан.