Тәуелсіздігімізді айшықтайтын әрі зор тарихи сәулетке ие ескерткіштердің бірі – бүгінгі «Абылай хан» резиденциясы. Жұртшылық зердесінде «Абылайдың ақ үйі» ретінде жатталып қалған қымбат жәдігер туралы ғалымдардың, зерттеушілердің еңбектерінде там-тұмдап болса да айтылады. Олардың сипаттауынша, үш жүздің басын біріктіруге ұмтылған ұлы ханның ордасы 1760 жылдары Есіл өзенінің жағалауында, қызыл жарлауытта ағаштан тұрғызылған көрінеді.
Кезінде ұлт жанашырлары ел аузындағы аңыздарға сүйеніп қана қоймай, Петропавл қаласы екі рет жойқын жалын құшағына оранғанда, өртеніп қаңқасы қалғанын, оның орнына кірпіштен бой көтерген ғимаратқа әр жылдары лазарет, әскери бөлім, спорт кешені орналасқанын, мемлекеттік мүліктер тізіміне «Абылайдың ақ үйі» ретінде тіркеліп, қорғауға алынғанын алға тарта отырып, өз ой-пікірлерін дәлелдеп баққан. Бертінде сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Қуат Есімхановтың сұратуымен Ресейдің Сыртқы істер министрлігінен және Омбы облыстық мұрағатынан Абылайға 1762-65 жылдары үй салынғанын айғақтайтын құжаттардың көшірмелері алдыртылып, болған дүниені жоққа санап жүргендердің аузына құм құйылған. Жер бетінен жойылуға сәл-ақ қалған нысанды қалпына келтірудің техникалық-экономикалық сызбасы түзіліп, тарихи ескерткішті мүмкіндігінше сақтап қалудың жолдары қарастырылған.
Кешен құрамына резиденция, канцелярия, хан және қонақтар тынығатын бөлмелер, құдық, монша кіргізіліп, аты аңызға айналған ақ орда барынша жандандырылып, түпнұсқаға ұқсатылған. Аймақтың сол кездегі басшысы Тайыр Мансұров Президентке хат жазып, жаңғырту жұмыстарына қаржылай көмек көрсетуді өтініпті. Содан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына енгізіліп, жарты миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.
Қайта жаңғыртылған көне ғимарат бүгінде «Абылай хан» резиденциясы деген атауға ие. 1,2 гектар аумақты алып жатыр. Мұражай бірнеше залдан тұрады. Оларда заманынан асып туған қайраткерге қатысты құнды жәдігерлер топтастырылған. Әсіресе, қазақ жасақтарының жоңғарлармен шайқасын бейнелейтін полотно тұтас қабырғаны алып, ерекше көз тартады. Тақ залына кіргенде тірі хан қарсы алғандай әсерге бөленесіз. Осыдан екі ғасыр бұрын Моңғолия жерінен табылған дулыға – қымбат мүліктердің бірі. Жылына шамамен 20-25 мың адам қызықтайтын көрінеді. Араларында шетелдік туристер де аз емес.
Бәрінен де резиденция алдындағы «Ат үстіндегі Абылайдың» сегіз метрлік айбарлы тұлғасы тәуелсіздігіміздің тапжылмас белгісіндей асқақ көрінетінін айтсаңшы!
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
ПЕТРОПАВЛ

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47