13 Ақпан, 2017

Жан-жақты түсіндірілді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Майра Айсина, Мансұрхан Махам­бетов, Асыл­бек Сма­ғұлов және На­талья Жұма­діл­даева Сырда­рия ауда­ны тұрғындары­мен кез­десіп, жергілікті халық­­қа Елбасының «Қа­зақ­­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһан­дық бәсе­кеге қабі­лет­тілік» ат­ты Жолдауын жан-жақты түсіндірді. Аудандық мәдениет үйін­­де болған кездесуде Жол­­дауда айтылған үшін­ші жаң­ғырудың негізгі бес ба­сым­­дығы тақырып­қа ар­қау бол­ды. Абзал Ералиев «Ел­басы Жолдауы еліміздің бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыру­ға бағытталғандығын айтып, бұл кәсіпкерлікті, елді мекен­дер­де интернет жүйесі мен сан­дық технологияны дамыту­ға жасалып отыр­ған зор мүмкін­дік және за­ман талабы» екенін назарға салды. Қазақстан халқы Ассамб­­лея­­сы атынан сайлан­ған де­путат Наталья Жұма­діл­даева IT-білім­ді, қар­жы­лық сауат­ты­лық­ты қалып­тас­­тыру­ға, ұлт­жан­­ды­лықты да­мы­туға, қала мен ауыл мек­теп­тері ара­сындағы білім беру сапа­сы­ның алшақтығын азайту жо­лындағы жұмыс­тарды жан­дан­дыру мен үш тілді оқу­ға кезең-кезеңмен көшу мәсе­лесі­не ден қойды. Кездесу соңында тұрғын­дар Мемлекет бас­шысының Жол­­дауы­нан туын­дайтын негіз­гі бағыт­тарды халық ара­сын­да кеңінен наси­хаттап, жүк­тел­ген жауап­керші­лікті нақты жүзеге асыру­да бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы