Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Роман Ким, Айқын Қоңыров және Берік Оспанов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарлары барысында Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында көптеген кездесу өткізді.
Депутаттар «Семей цемент зауыты» ЖШС, «СемАЗ» ЖШС, «Мелисса» ЖШС, «Кеңес и К» ЖШС, Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «ҚР ҰЯО» РМК, «Заря» ШҚ, «Сугатовское» ОДА, «ОХМК» ЖШС, «Бобровка» ЖШС, «Казцинкмаш» кәсіпорындарының ұжымымен және ҚазМЗУ мен Риддер аграрлық-техникалық колледжінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесті.
Бағдарлама аясында депутаттар Өскемен қаласындағы ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, Курчатов және Шемонаиха қалаларындағы үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, кәсіпорын жұмысшыларымен, Глубокое, Солнечное, Бобровка ауылдары мен Жарма және Шемонаиха аудандарының тұрғындарымен кездесті.
Сонымен қатар, «Мелисса», «Кеңес и К» ЖШС мен Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен кездесу барысында халық қалаулылары өсімдік және жануарлар әлемі мәселелері бойынша Мәжілісте қарастырылып жатқан заң жобасының кейбір ережелерін талқылап, ұсыныстарды назарға алды.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы