14 Ақпан, 2017

Тайваньда жол апатынан 32 адам қаза тапты

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тайваньда туристік автобус аударылып, кемінде 32 адам қаза тапты, деп хабарлайды BBC агенттігі. Автобуста 45 адам болған, оның 13-і ауруханаға жеткізілді, көбісі ауыр жарақат алған. Құтқарушылар жол апатынан зардап шеккендердің барлығы Тайвань тұрғындары екенін мәлімдеді. Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпарынша, туристер сакураның гүлдегенін тамашалап, фермадан қайтып бара жатқан. Әзірге жол апатының себебі белгісіз. Полиция автобус жүргізушісінің қандай жылдамдықпен қозғалғанын анықтауда.