Пәкістан астанасы Исламабадтың жоғарғы соты Әулие Валентин күнін мұсылман мәдениетіне қайшы келеді деп танып, қалада мерекені тойлауға тиым салды. Бұл туралы Би-Би-Си-дің ресейлік қызметі хабарлады.
Сот қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде мерекеге арналған іс-шаралар өткізуге тиым салған. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне де «ғашықтар күніне» қатысты қандай да бір оқиғаны баяндауға немесе жарнамалауға рұқсат берілмейді.
Сот бұл шешімді Әулие Валентин күнін тойлаудың ислам іліміне қайшы келетіні туралы жазылған петициядан кейін қабылдаған. The Dawn газетінің ақпарынша, петицияда «ғашықтар күніне» арналған іс-шаралардың адамгершілікке жат көзқарас пен орынсыз мінез-құлықтың таралуына апаратыны айтылған.
Соңғы жылдары бұл мереке Пәкістанда кеңінен тарала бастады. Әулие Валентин күнін елдің ірі қалалары ерекше белсенділікпен тойлауда. Бірақ, көптеген діни топтар оған қарсы пікірлерін білдірген.
Бір жыл бұрын ел президенті Мамнун Хусейн Әулие Валентин күнін тойлаудан аулақ болу керектігін, себебі, бұл мереке Пәкістан мәдениетіне сәйкес келмейтінін мәлімдеген болатын.
Биыл Кохат қаласында 14-ақпанға ашық хаттар мен мерекелік тауарлар сатуға тиым салынды. Сондай-ақ Пешавар қаласында мерекені тойлауға рұқсат берілмеді. Кейінірек екі қаланың да билік өкілдері тиым салу туралы хабарламаның ескерілмегенін мәлім еткен.
• 14 Ақпан, 2017
Пәкістанда Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салынды

Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше