14 Ақпан, 2017

97,69 пайыз дауыспен жеңіске жетті

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түрікменстанның қазіргі бас­шысы Гурбангулы Бердім­ұ­хам­едов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды. Елдің Орталық сайлау комиссиясы осымен үшінші рет республика президенті болып сайланған Г.Бердімұхамедов бұл жолы 97,69 пайыз дауыс жинағанын ресми түрде мәлімдеді. Сонымен қатар, сайлаулар мен референдумдар өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының төр­а­ға­сы жексенбі күні өткен сайлауға ха­лық­тың 97,27%-ы қатысқанын хабар­лады. Заң бойынша, Түрікменстан пре­­зиденттігінен үміткер дауыс бе­ру­ші­лердің жартысынан көбінің дауысын жинау керек болатын. Ал ресми мә­ліметке қарағанда, сайлауға дауыс бе­ру құқығы бар азаматтардың 97 пай­ызы қатысқан. Бұл – рекордтық көр­сеткіш. Өткен жылдың 14 қыркүйегінде қа­былданған Түрікменстанның жаңа конституциясына сәйкес, президенттік өкілеттігі 7 жылға дейін ұзартылып, президент болу үшін 70 жасқа дейінгі шектеудің алынып тасталғаны белгілі. Жаңа конституция талабына сәйкес, Г.Бердімұхамедов енді елді алдағы 7 жыл бойы басқарады. Түрікменстандағы сайлау про­це­сін халықаралық байқаушылар сай­­лауға жастардың да көп қа­тыс­қа­нын мә­лімдеді. Олар да аталған ел­дегі пре­зиденттік сайлау ұлттық заң­на­ма­лар мен мемлекеттің халықаралық са­ла­дағы қабылдаған міндеттемелеріне сай өткені туралы қорытынды жасады. Сонымен қатар, Шанхай ын­ты­­мақ­­тастық ұйымының өкіл­дері де­ дау­ыс беру барысында бірқатар же­­­ке­­ле­­ген техникалық олқы­лық­тар­ ұшы­рас­қанымен, оның сай­лау­шы­­лар­дың таң­дау нәтижесіне әсері бол­м­а­ғанын жария етті.