Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» атты жаңа толықметражды көркем фильмнің өндірісі басталды. Фильмнің режиссері − «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмімен танымал Қуат Ахметов. Фильмде басты рөлді КСРО және Қазақстанның Халық артисі Асанәлі Әшімов сомдайды.
– Идея авторы – Асанәлі Әшімов. Ол 2014 жылы маған елден шалғай тұратын жалғыз басты қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаның ойы бойынша қария – дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам, – дейді Қуат Ахметов.
Түсірілім жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларына жоспарланған фильмнің сценарийін Қуат Ахметов пен ресейлік кинодраматург Одельша Агишев түркі халықтарының аңыз-әңгімелері негізінде жазған.
– Бұл жобаны іске асыру туралы ұсыныс айтқалы бері түрлі жанрдағы талай сценарий жазылды. Алайда ол сценарийлерде менің көрермендерге айтар ойым дұрыс жеткізілмеген болатын. Сондықтан да Қуат екеуміз драматургты көп іздедік. Ақыры драматург табылып, бұл мәселе оң шешімін тапты. Қазір түсірілім жұмыстарын асыға күтіп отырмыз, – дейді бұл жөнінде Асанәлі Әшімов.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
• 14 Ақпан, 2017
«Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» көркем фильмінің өндірісі басталды

Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше