«Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облыстық филармониясы «Алатау» фольклорлық ансамблінің мектеп оқушыларына арналған «Әулиеата әуендері» атты танымдық концерті өтті.
Ансамбль жетекшісі – халықаралық конкурстардың лауреаты – Жақсылық Әжмұқанов. Концертті Тараз қаласы мектеп оқушыларының 700-ге жуық жас көрермені тамашалады. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 100 көрермен концертті тегін көруге мүмкіндік алды.
Концерттік бағдарламаны фольклорлық ансамбль қызылордалық күйші Жалдыбайдың «Қара жорға» күйімен ашып, Аман Молдыбаевтың «Көне Тараз», Ахметбек Әлібекұлының «Жылқышы», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерімен жалғастырды. Концертте «Ақкербез» би ансамблі «Шаттық» биін орындап, кеш шырайын кіргізді. Сондай-ақ, дәстүрлі әншілер Оңал Азаматова «Қарай көзім» халық әнін, Бақыт Шағырбаев Жоламан Тұрсынбаевтың «Таразым» әнін, ансамбльдің сүйемелдеуімен Әділет Әбдікерімов «Жайлауда», Ерлан Ибаділдаев «Ой, көк» әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерт барысында жүргізуші Жанна Асанқұлова оқушыларды ансамбльдің құрылу тарихымен және ойналатын ұлттық аспаптармен таныстырды. Сахнадағы арнайы LED экраннан домбыра, шертер, қобыз, сазсырнай, жетіген және ұрмалы аспаптардың суреттері көрсетіліп, оқушылардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Экономика • Бүгін, 10:47
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:38
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Парламент • Бүгін, 10:22
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше