14 Ақпан, 2017

«Әулие­ата әуендері» атты танымдық концерт өтті

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облыстық филармониясы «Алатау» фоль­клорлық ансамблінің мектеп оқушыларына арналған «Әулие­ата әуендері» атты танымдық концерті өтті. Ансамбль жетекшісі – халықаралық конкурстардың лауреаты – Жақсылық Әжмұ­қанов. Концертті Тараз қаласы мектеп оқушыларының 700-ге жуық жас көрермені тамашалады. Оның ішінде әлеу­меттік жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 100 көрермен концертті тегін көруге мүм­кіндік алды. Концерттік бағдарламаны фольклорлық ансамбль қызыл­ордалық күйші Жалдыбайдың «Қара жорға» күйімен ашып, Аман Молдыбаевтың «Көне Тараз», Ахметбек Әлі­бек­ұлының «Жыл­қышы», Әбді­момын Жел­ді­баевтың «Ер­ке сылқым» күй­лерімен жал­ғастырды. Концертте «Ақ­кербез» би ан­самблі «Шат­тық» биін орындап, кеш шырайын кіргізді. Сондай-ақ, дәстүрлі әншілер Оңал Аза­матова «Қа­рай көзім» халық әнін, Бақыт Шағырбаев Жоламан Тұр­сынбаевтың «Таразым» әнін, ансамбльдің сүйемелдеуімен Әділет Әб­дікерімов «Жайлауда», Ерлан Ибаділдаев «Ой, көк» әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерт барысында жүргізуші Жанна Асан­құлова оқушыларды ан­самбльдің құрылу тарихымен және ойналатын ұлттық аспаптармен таныстырды. Сахнадағы арнайы LED экран­­нан домбыра, шертер, қобыз, сазсырнай, жетіген және ұрмалы аспаптардың суреттері көрсетіліп, оқушылардың ұлт­тық аспаптарға деген қызы­ғу­шылықтарын арттыра түсті. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы