10 Қыркүйек, 2011

Қор өкілімен кездесті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкі­ров Қа­зақ­станда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңадан та­ғайындалған өкілі Джун Кукитамен кездесті. Кездесу барысында бірлесіп іске асырылып жатқан жобалар шеңбе­рін­де Қа­зақстанда балалар­ды қорғау ісінде өзара ықпал­дас­тықтың басым бағыттары талқыланды. Асқар Шәкіров халықаралық ұйым­ның жаңа өкілін Қа­зақ­стан­да адам құқықтарын қамтамасыз ету қыз­метімен таныстырды. Тараптар ұлттық құқық қор­ғау институтының ЮНИСЕФ-пен өзара тиімді ынтымақтастығын әрі қарай дамыту қажеттілігі туралы ортақ пікірін білдірді.