Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында сот жүйесі имиджін көтеру, судьялардың тәуелсіздігі және ешкімнің тиіспеу кепілдігін қамтамасыз ету, прокурорлардың ұсынымдарын қарау бойынша заңдылықты бұзушылықтарды жою және судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы судьялардың тәртіптік-біліктілік алқалары қызметінің мәселелері, сондай-ақ сот жүйесіндегі кадрлық мәселелер қарастырылды.
Жекелеп алғанда, жергілікті және одан басқа соттардың төрағасы қызметіне тағайындауға 17 үміткер және атқарып жатқан қызметтерінен босатуға 13 судья, оның ішінде теріс себептермен қызметтерінен босатуға үшеуі Мемлекет басшысының қарауына ұсынылды. Сондай-ақ, М.М.Максудовтың отставкадағы судьяның мәртебесіне кір келтіретін қылық жасауымен байланысты оның отставкасын тоқтату туралы ұсыным қабылданды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.